ВЕРНУТЬСЯ

         Бал арасы ызыңдады,

Мазамды әбден кетірді.

Мырзашөлдің жүзім бағы

Жарық
туннель секілді.

Қос төбеңіз бір түйенің

Екі өркеші тәрізді.

Мәйін мінез қыркүйегің

Жапырақты тағы үзді.

Жоны жұмыр
ақ қояны

Алдан қашқан пәк қыс бар.

Біржолата қап қояды

Мұнда
келген көп құстар.

Қысқа дейін талай күн бар,

Біледі оны бал ара.

Жасыл гүлдер... ақ айдындар...

Араласаң, арала.

Жермен от боп сүйісті күн,

Ғажап атты таң бүгін.

Мен жазуға тиістімін

Күнді, гүлді - барлығын.

Қырды... ерні кезеретін,

Нұрды...
сосын шалғынын,

Жұртты
шақса, өзі өлетін

Бал араның тағдырын -

Мен жазуға тиістімін барлығын.