ВЕРНУТЬСЯ

    Қара,
досым, көктем кепті қалаға,

құстар кепті...

Қалай
ғана сезбегем?!

Құйылардай
көктен бір күй санаға,

қызғанардай
қайың бүрін өзгеден.

Еріп,
балқып бара жатыр тез денем,

Көріп түнгі көшелердің мәрмәрін,

Бұрын қалай байқалмаған?!

Сезбегем?

Мені
тосар Ай астында ән барын?!

Мына
көктем өзгешелеу өзгеден,

жыр
ма жаңа?

Менің
күткен жасым ба?!

Кеудем
толқып, аспанымды кезді өлең,

тізгін
бермей ақ жаңбырға, жасынға.

Неткен
сұлу! Heгe ертелеу
сезбегем?

Ойды
арбайды

қайың,
көше түн құшқан.

Қаритындай
тамырымды, көзді өлең,

саз
тербейді жүрегімді үн қысқан.

Атағы
жоқ Есениндер... Жын қысқан...

Жаңғырады
жатақхана өлеңі.

Менің
жиырма жасым мұң құшқан...

Түн
ортасы...

Көше бойлап келеді.

Жауындатып
келеді,

дауылдатып
келеді,

ән-жыр
кешіп келеді,

жаңбыр
кешіп келеді,

желп-желп
етіп желегі,

менің
жиырма жасым келеді...

сәуір,
1967 жыл.