ВЕРНУТЬСЯ

    Кінәләдің сен мені...

Қия шыңға, қия жолға қарадың.

«Ұмыттың, деп, анаңды,

ұмыттың, деп, әкеңді,

түтініңді елдегі

ұмыттың, деп, қарағым...»

Үндемедім...

Үнсіз тынып тындадым,

күзгі қоңыр қыраттай.

Тыңдым іштен...

Тынды сөзім, тынды әнім,

тындым үнсіз, бұлақтай...

Ақталмадым жауап іздеп сұраққа...

Қарап тұрдым қиялмен

сағым аққан қыратқа:

Көктеуіне...

Қыстауына...

Күзеуіне атамның...

Бал күніме -

тұнған мөлдір сынаптай

тұрдым қарап.

омырауын сағынып

момын қара шапанның.

Жусан иісі,

қырдың иісі аңқыған,

жауын иісі,

түтін иісі шалқыған,

осы өлкенің бар иісі:

Тынысы мен тірлігі,

берекесі, бірлігі,

еңбегі мен ерлігі,

жігіт мінез өрлігі

тұрғандайын көрініп

жағасында шапанның

иісі сіңген атамның...

Көк тауларға тұрдым қарап,

Жүрегімде жыр мұндалап,

Бабам болып тіл қатқан,

Далам болып тіл қатқан,

ой-санама

салмақ салған мың батпан,

қара шапан иісі аңқыған

көк белдерге тұрдым қарап,

тұрдым қарап сағынып,

Мені ақын қып жырлатқан...

казан, 1974 жыл