ВЕРНУТЬСЯ

   Асып
кетті сағыныш бала қырдан,

таныс
маған жырадан бұлақ күлді.

Жасыл
аспан... Жырлауға жаратылған,

жанарымда
жас болып жылап тұрды.

Жанарымда
- ту алыс бір арманым,

аспанға
іліп қойғандай тау шыңдары.

Heгe сонша асқарға құмар қаным?

Алға
ұмтылдым... Асулар таусылмады.

Таусылмады...

Әсершіл
бала шағым -

тентек
өзен жырлауға жаратылған.

Әлдеқайдан
күйі кеп қарашаның,

өрлеп
кетті сайлармен қара тұман...

қараша, 1968 жыл.