ВЕРНУТЬСЯ

     Көгілдір
түнде-

көк
аспан,

жұлдыздар көкте тұр тұнып;

кеудеме
қонып,

кеудеммен
менің сырласқан,

жылт
еткен үнсіз

жұлдыздың көзі - нұр-тұнық.

Көгілдір
түнде -

көк
шынар,

қай
жаққа қарап тұр екен?

арманы,
сірә,

оны
да күткен көп шығар,

сағына
күткен

жұлдызым қайда жүр екен?!

Тамыз, 1965жыл