ВЕРНУТЬСЯ

  Көк өзеннің кешкендеймін
тасқынын,

күрсінбеші, солығыңды бас,
күнім.

Бәріне де тентек ақын кінәлі
-

қас-қағым сәт қайта оралған
жастығым.

Алай-дүлей... Қараспаным түйіліп,

астаң-кестең... Жүрек шіркін
жиі ұрып,

аспанымды бір әзәзіл кезді
де,

болды мені жібергендей «бүйі» қып.

Өзім...

Өзім...

Өзім емес, басқадай,

қапелімде қара албасты
басқаны-ай.

Бір жынды мұң жұлынымды жұлмалап,

андаусызда ақыл-достың
қашқаны-ай.

Өзге біреу ар-ұяттан жасқанбай,

қазынамды оңды-солды шашқандай;

«сыртым- бүтін, ішім - түтін» күйдемін,

әрі-сәрі... Көңіл күзгі
аспандай...

Көк өзеннің кешкендеймін
тасқынын.

Күрсінбеші! Солығыңды бас, күнім.

Мені кеше адастырды ақ
сайтан,

қас-қағым сәт жаңылдырды
жастығым.

Солығыңды...

Солығыңды бас, күнім...

қараша, 1980 жыл