ВЕРНУТЬСЯ

   Көңілім
бей-жай...

Білер
кім?

Ұмытсам ба
екен аспанды мынау,

тастарды
мынау бірер күн;

бей-жайы
көңіл

басылар
ма екен сонда бір,

бей-жайы
көңіл

ашылар
ма екен сонда бір?

Шашпауын
тағып,

таранып
түнде жұлдызым,

шыршалы
белдер

шайқала
билеп тағы да,

құлатып барып,

үмітті
қайта тұрғызып,

құстарым қайта

оралар
ма екен бағына,

оралар
ма екен тағы да?!

Мен
сүйген ашық мына аспан,

мен
сүйген таулар,

мен
сүйген дала

көкжиектермен
ұласқан,

шуақты
күнде бір күлген,

жауынды
шақта жыласқан

сағынар
ма екен?!

Ұмытсам
егер...

Аспанды
мынау,

тастарды
мынау бірер күн?

Бей-жайы
көңіл

басылар
ма екен,

бей-жайы
көңіл

ашылар
ма екен

білер
кім?!.

сәуір,
1970 жыл