ВЕРНУТЬСЯ

         Қызыл жыңғыл ішінен

Қырғауылын қайырып,

Құрығының ұшымен

Қуды кәлден айырып, -

Мына келген күз бе еді?

Мына келген күз болса,

Жалғыз ағаш түздегі,

Тимеді оңай сізге онша.

Қызық кетті құсқа
еріп,

Ұя қалды
шатырда...

«Кәрі құда қыс келіп»,

Сынайтын күн жақын ба?

Аузы-басын тұмшалап,

Кимешек caп
асқары,

Киіз қарпып, жүн сабап,

Қапылуда аспаны.

Қалтырайды құрағың,

Тап болдық деп не күнге.

Келетіні «құданың»

Рас болды-ау, тегінде.