ВЕРНУТЬСЯ

    Сенің әнің жазғандай құрысымды,

сенің өңің ашқандай тынысымды,

бейуақытта жетті де
мазасыздау,

сенің әнің бір тәтті мұң ұсынды.

Шыңырау ма? Шыңғырған мұзарттар ма?

Ұшырар ма?

Белгісіз, тұзақтар ма?!.

Аязымен ақпанның келдің
қайдан,

наурыз туа келетін, ұзақ қарға?!

Желіктірдің, жебедің,
мүйіздедің,

жүрегімді жұлмалап күй іздедің.

Аясаңшы, апыр-ай, тоқтасаңшы,

менің жаным илейтін киіз бе
еді?!.

Өре тұрып, түндерде ойды кескен,

бір шықпай-ақ қойдың-ау, қойдың
естен.

Бағым, сорым, болсаң да, шыныңды айтшы,

қай бағыттан келдің сен?..

Қай күнестен?..

Батыстан ба?

Төркінің - Шығыстан ба?..

(Қас пен көзден не жетсін ұғысқанға).

Ғашықтардың елінде есеңгіреп,

жүргендеймін бір ғажап «Мұңыстанда»...

10 қаңтар, 1980 жыл