ВЕРНУТЬСЯ

  «Апыр-ай!

Ұлылар қайтіп күн кешкен,

сырласқан, күлген, тілдескен?

Қуанған...

Жанған...

Мұң кешкен?!».

Шықпайтын болды соңғы кез,

осы бір сұрақ күнде естен.

Танда да сұлу, ақшамда

сананы қауып, қақшаңдап,

осы бір сұрақ санада,

жүрсем де,

тұрсам,

жатсам да.

Мұнартып таулар шоқтығы,

құрдымға кетті көп күнім,

түндерім қанша мазасыз

жұлқыйды - жанда жоқ тыным.

Жүректе - жалын... «Ах» ұрып,

аспан мен жерді шақырьш,

тас-талқан болам сондайда,

азапқа жанды батырып.

«Ұлылар қалай күлген деп,

ұлылар қалай жүрген деп,

Махамбет...

Мұхтар...

Абайлар...

Өмірді қалай сүрген деп?!»

Шыға алмай шырқап сөремнен,

көре алмай қызық өлеңнен,

сананы санға бөлшектеп,

сарсаңға түсіп келем мен...

6 желтоқсан, 1979 жыл