ВЕРНУТЬСЯ

   Мэлске

Есінде
ме, жан досым, ес білгелі,

біздің
таумен қанша бұл көшті ілгері?!

Жауын
жауды қаншама осы өлкеге,

жасын
ойнап, дауысы естілмеді.

Ауыл...

Аспан...

Толықсып
Ай аунаған,

Есіңде ме?..

Ақ
жарқын аяулы ағаң?

Екеуімізді
мінгізіп көк дөненге,

өзі
жолмен жаяулап аяңдаған?!

Гүл
жапқанда көктемде жонымызды,

таудың
суы кескенде жолымызды...

Есіңде
ме?..

Тоғызыншы
кластағы,

кеткеніміз
жылатып долы қызды.

Кеудесінен
көктем-қыз күй ақтарып,

көк
белдерім сағыныш сияқтанып.

Қара
жолы ауылдың...

Есінде
ме,

жататұғын ұл-қызы жиі
аттанып?

Ұзап шығып,
түндерде ән ұстадық,

жүрек
толқып, гүл үздік, қар ұстадық.

Ұшқан құстар тәрізді қырдан асып,

қара
жолмен біздер де алыстадық.

Алыстадық...

Жан
досым, ес білгелі,

Арман
қудық. Қанша бұлт көшті ілгері?

Жауын
жауды қаншама біздің тауға.

Найзағайлар
от есті...

Дауысы
естілмеді...

қыркүйек, 1967 жыл.