ВЕРНУТЬСЯ

  Мен
бақытын қызғанбаймын басқаның,

өсектерге
сенбе Сен!

Жаңыларсың...

Жүрегімде
- басқа мұң,

сезінбессің,
кезіп ішін көрмесең.

Ұға
алмассың, кеудемде бір таң барын,

самал
барын, қыз-көктем;

мені
іздеген мына өмірде жан барын,

арманымды
адастырып, іздеткен.

Бір
аққайың...

Алдарқатып қыз кеткен,

көктем
қайта оралғандай күлімдеп;

бір
сергек ой күзгі өктем

жүрегімді
жатыр үнсіз тілімдеп.

Жасыра
алман.

Талай
қызық кез кешкем.

Ғашық
болу - өн басы.

Ей,
Періштем! Махаббат боп кездескен,

арманымды
арманыңа жалғашы.

Мен
бақытын қызғанбаймын басқаның,

илана
көр сөзіме!

Өлеңім
мен Өмірімнің аспанын

аманат
қып тапсырайын өзіңе.

Сезінші
тек кеудемде бір таң барын,

самал
барын, қыз-көктем;

мен
іздеген осы өмірде жан барын

өзіңдей бір адастырып іздеткен...

қыркүйек,
1968 жыл