ВЕРНУТЬСЯ

        - Қызылорда калай
екен?

- Әй, тыныштық...

- He жаңалық бар?

- Әй, тыныштық...

Мен де үнсіз
қаламын сұрақ берген,

Үнсіз мұрнын шұқиды
Мұратберген.

«Туған ауыл» дейтұғын
тақырыпта

Шығармадан «екі»
алып, «құлап келген».

Сұқсыр ұшты
сымпылдап күміс кәлден,

Қырман мынау кең төсін күріш көмген.

- Егін бітік өсіпті, ә, - деп қояды, -

Биыл анық озамыз Түгіскеннен.

Толқын қашты бүйірден түртіп айды,

Көк жалбыздың иісі бүрқырайды.

- Апанқақтың суына түскен жөн-ау,

Сегізкөзім кей-кейде сыркырайды, -

Дейді тағы жай ғана маған қарап,

Жалғыз әтеш үйықтап түр жағал қанат.

Сенек жақта әжеміз күйбендейді

Қысқа сақтар қауынын сабанға орап.

Кештің коңыр қанатын жайған шағы,

Іздейді ұлын өжесі айналса әрі.

Өңі сынық көрінді атасының

Таппай қайтқан «жайрағыр» қаймалшаны.

«Көкқасқалар» құлайды шүбап белден,

Аяңдайды кырманға Мұратберген.

«Туған ауыл» дейтұғын тақырыпта

Шығармадан «екі» алып, «құлап келген».

Арық күліп, қуақы ай тесіле қап,

Тойлап жатыр мизамның кешін алап.

- Сонда, - деймін,
- ештеңе жазбадың ба?

- He жазасың? -
дейді ол есінеп ап.