ВЕРНУТЬСЯ

       Нұх пайғамбардың
кемесі тоқтап тұр, әні,

Кемеден қазір
қарлығаш ұшып шығады.

Қарлығаш сосын қарайды жерге қауіппен,

Басылды ма деп қап-қара түннің лаңы.

Қарлығаш сосын көреді
пейіш мекенін,

Қазығұрт тауды, қара
көз қызды от ерін.

Көреді ол тағы қара
көз қызға от ерін

Бір ақын жігіт өлердей ғашық екенін.

Жырымды менің тындайды ұйып, үндемей,

Тыңдайды елтіп, пайғамбар
күтіп тұр демей.

Топан су мұнда
болмаған дейді ол,

Айнала

Үрзада дүния, үр
ерін гүлдер үрбегей.

Алыстан талып өзеннің даусы жетеді,

Ымырт үйірілген.

Қазығұрт
таудың шеті еді.

Ымыртты кешіп қара көз бері жүреді,

Желбіреп желмен ақ көйлегінің етегі,

Қарлығаш қайтып кемесіне ұшып кетеді...