ВЕРНУТЬСЯ

       Жұбата да
алмай, жылата да алмай тұр ақ
таң,

Тақтан түссе де, аттан түспеді-ау мына ақпан.

Қаланың үстін қаптаған сұр бұлт бейне бір

Шұбардың
үйірі шұбырып жеткен
жырақтан.

Ақшұнақ
шалдың ашуы қатты бүгінгі,

Аллеяларға тый деді күбір-сыбырды.

Тау жақтан қамсау таппады білем, көп кеше

Таң атпай жосып қалаға қарай жүгірді.

Көктемін күткен қарт емен анау жарадар,

Көп жатып
қалды, көшпей ме енді ала қар.

Салқын бір кәлде пісілмей тұрған саба бар,

Сал күндер қайда сабалы көлді жағалар.

Мінген де аты қаракер ме екен, сұр ма екен,

Кешікті наурыз, кешікті менің нұр-көкем.

Алатау атам неге үндемейді, жоқ әлде

Соңы қайырлы
боларын біліп тұр ма екен?