ВЕРНУТЬСЯ

  Өшіп
түндер...

Көкпенен
көшіп түндер...

Келе
жатыр

бет
түзеп қайда Ағыс-Ар?

Апыра-ай!

Зарықтырып,
сағынтып,

кешіктіңдер,

балақбаулы
құстарым,

балақбаулы
сезімді байлап ұшар.

Жайлап
ұшар,

тау
сағалап,

бөктерлеп,

сайлап
ұшар,

қабағымен
нұр аққан қырат-қырдың,

жанарымен
ақ түннің қаймақ ұшар...

Жайлап
ұшар:

62
тамырды бойлап ұшар,

62
тамырмен қайнап ұшар,

қызыл-күрең
кештер мен құла таңда

құлазытпай көңілді

сайрап
ұшар.

Қайрап
ұшар,

қасарысса
-

ерен
бір желік құрып,

ерікті
ұрып,

теңселтіп,

еліктіріп,

базары
басталмаған Бағыттармен

балақбаулы
сезімді

серік
қылып...

Өшіп түндер...

Көкпенен
көшіп түндер

келеді.

көк
жасыл Алаңдарменен,

жарысып
бағандарменен...

Өшіп түндер...

Көкпенен
көшіп түндер...

Келеді.

Көзінде -

көк
теңбіл Жер,

көк
Аспан,

қайран
Ғалам...

Heгe кешіктіңдер?!

Heгe кешіктіңдер?!.

Балақбаулы
құстарым,

орда
бұзар отызда сайраңдаған?!

Тез
жетіңдер!

Болыңдар!

Тездетіңдер!

Басып
озбай тұрғанда

Өзге
таң,

Өзге
түндер...

Өзгертіңдер!

Жылдамдықты...

Жүрісті...

Өзгертіңдер!

12 тамыз, 1978 жыл