ВЕРНУТЬСЯ

   Мынау  ұлы заманда...

Ұлы ағында...

Теңізінде, тулаған бұлағында...

Қызыл...

Қара...

Ақ нәсіл қатарында

Мен де тұрмын замана құлағында.

Жасқанамын несіне жасырамын,

жүрегімен ұғынған ғасыр әнін

Мен - халықпын...

Жоғала жаздап неше,

қайта туып, жалғаған асыл әнін.

Мойын бұрмай қайғы атты «сығырыңа»,

қонған қайта өзінің тұғырына

Қазак деген ұлтпын Мен тәубасы мол,

алғысы көп тағдырлы ғұмырына.

Қиын-қыстау күңдерден -
қыспақтардан,

Атажұртын Алаштың ұстап қалған,

жалғастардың кешегі
жалғасымын,

аман жеткен

Сақ, Хұннан,

Қыпшақтардан...

Домбыраның шанағы күй
ақтарған,

қобызымның сарыны сияқты
арман.

Нұрлан Оразалин

«Жерік түндер»

Дәуірлерді құрықтап құр асаудай,

жеткен елмін Қайсақ пен Қияттардан.

Шыңғысты да,

көргенмін Ескендірді,

көшкен күнді, көргенмін өшкен күнді;

жиырмасыншы ғасырға әкелгем
мен

туған ана тілімде көшкен жырды.

Қайғымменен...

Куаныш...

Зарымменен...

Болмысыммен, осынау
барымменен,

тура қарап тілдескем
заманамен,

ақтарылып ағымнан Арымменен.

Мен тілдескем тілдессем, жүрегіммен,

сеніп ұлы таңдарға күле кірген.

Алатау боп иығы көк тіреген,

Сарыарқа боп толқыған дүр
егіннен.

Арқалаған айдынды ғасыр әнін,

(Байтақ елмін... Қалайша басыламын?!.)

Атыраумын, Алтаймын,
Ақжайықпын,

айдынында тулаған тасып
ағын...

Жасқанамын, несіне
жасырамын?!

Дәуір әнін...

Ұғынған ғасыр әнін,

Қазақ атты халықпын...
Мәңгілікке

жалғастардың жалғаған асыл әнін.

10 сәуір, 1980 жыл