ВЕРНУТЬСЯ

     Атажан-ай! Армысың! (Тірісің
бе?!)

Мін жоқ еді сөзің мен
жүрісінде.

Сені кейде сағынам үйде
отырып,

ұсағын да, ісіңнің ірісін де...

Медет болып жаныңа «сая-құдай»,

танды оятып жүрмісің
баяғыдай.

Көк аспанға көз тігіп, міз
бақпастан,

оң қолыңнан бір түспей таяқ ұдай.

Той келгенде төрінде бата
қылып,

ой келгенде жүрегің жата ма ұлып?!

Әлі солай шатынап тұрамысың

әлдекімнен көргенде қата
қылық?..

«Тәуба» қылып бұйрыққа - бір
несібе,

көзді қадап жұмақтың іргесіне.

Ол жақта да жүрмісің құран оқып,

шәйіт болған аруақтар
мүрдесіне?

Боздақтарды еске алып сүрең
кешкен,

үміт күтіп, боз таңнан, күрең
кештен;

ол жақта да жүрмісің
қапаланып,

жайлауынды көргендей түрен
кескен?!.

Бүр жарғанда сәуірде бала
қайың,

қуандың ба ғарыштан
баладайын?

Таулардайын қозғалып,
ауық-ауық

аунадың ба тершіген
даладайын?!

Ойша тергеп он сегіз мың
ғаламды ішің,

ол жақта да арттырып бағаңды шын,

қақ төрінде жұмақтың отырмысың,

Атажан-ай!
Сағыңдым...(Аманбысың?!.)

қазан, 1980 жыл