ВЕРНУТЬСЯ

    Сағыныш
- ғажайып күш білем,

көңілдің
жаңа атқан бүршігі;

жөңкілген
жұмыр жер үстімен

тынымсыз
жүректің дүрсілі.

Сағыныш
- қараша құстары

қара
күз көгінде көлбеген;

жанымның
жабыққан тұстары

сезімге
шөліркеп, шөлдеген.

Сағыныш
- шалқыған жыр көгі,

алқынған
ойлардың екпіні,

мазасыз
дүние дүрмегі,

айырар
тексіз бен тектіні.

Сағыныш
- сезімнің қияғы,

қиялдың
бесігін тербеген.

Сен
барда кеудеме сияды

аспан
да, қайың да,

жер
де, емен...

Желтоқсан,
1965жыл.