ВЕРНУТЬСЯ

    Жеті қат көк...

Жерік үн...

Жеті шегім - серігім,

арқа тұтар биігім,

арман-мұңым,

күйігім.

Жеті шегім...

Жеті шегім...

Жеті ағайын -

бауырым,

өзен,

көлім,

жауыным,

аспан,

мұхит,

дауылым,

жұдырықтай жүрегім,

жұмыр жерім - тірегім,

жалын құшып,

жанарымда от құшып,

Чили!..

Чили!..

Өртенген жер...

Қираған үй...

(Чилидің ержүрек ұлдары Альберто
Корволан мен Виктор Лараға арналады.)

Батырларым,

боздақтарым оққа ұшып,

жатыр бүгін

Сантьяго...

Ән шалқытқан,

ажал құсып, от құсып.

Жатыр бүгін,

еркіндігім бұғауда,

көрер көз жоқ,

естір құлақ,

тілім де жоқ - сұрауға,

Жеті шегім!..

Көмейіңді ағытшы,

Ағытшы бір!

Қарындасым зар илеп,

Махаббатым жылауда.

Чили!

Чили - жүрегім!

Чакабуко шөлінде,

Чакабуко түрмесінде - бұғауда.

Мына алапат Қайғыны,

Қасіретті

сезін де,

Жеті қат көк үнінде,

Жеті құрлық тілінде,

беу, Гитара!

Жеті шегім!

Безілдетші!..

Безілде!..

наурыз, 1977 жыл