ВЕРНУТЬСЯ

  Көңілден
бұлбұл ұшқандай,

таусылып
дәрмен, күш қалмай,

қарадым
ұзақ телміріп,

бет
алған жылы тұстарға,

әуелеп
ұшқан құстарға...

Тас-талқан
көңіл...

Көнгісіз...

Сары
ала күз кеп,

тұмшалап жатыр жерді сыз.

Ақпанын
іздеп бара ма?!

Бақтарын
іздеп бара ма?!.

Белгісіз...

Сары
ала құстар жүзіп қырменен,

caп түзеп көкте қызыл іңірменен,

сабылып
ұшып барады,

санамды
менің үзіп, үрлеген.

Сенімімменен,

желігімменен,

жүрек
жұлқыған елік-үнменен...

«Отыз бір
жасың

он
сегіз емес» деп,

«ессіздеу
сезім - елес» деп,

ақын
Нұрланға

өзге
бір Нұрлан кеп

басу
айтады

төніп
іргеден.

Кетіп
барады сары ала құстарым,

өтіп
барады сары ала шабытым

желіп
іргеден...

Апыр-ай!..

Тұра тұрыңдаршы!

Алыстап
кетпей шалғайға,

запыран
болып

қалмасын
сөзім таңдайда...

(Өмірге
ғашық, ессіз жүректер

өртеніп
мәңгі

жанбайтын
ба еді?! Жанбай ма?!.)

Сары
ала күзім!

Сары
ала құстар!

Сабыр
етіңдерші,

қала
көрмесін

сары
ала сезім таңдайда...

30 тамыз, 1978 жыл