ВЕРНУТЬСЯ

       Бірінші өлең

      ...Солай, досым, расы не десек те,

Есеп жасап алашақ, берешекке,

Екі миллион жүректің дүрсілімен

Ташкент көшіп барады келешекке.

Әдемі қыз әдеппен тоқтап, әні,

Әлденені сұрауға
оқталады.

Буға басқан палаудың мейізіндей

Мойыл меңі бетінде шоқтанады.

Осынау түн көңілге толып өлең,

Өтсем деп ем «Хамзаның жолыменен».

Шопан-Ата мешіті төбесінде

Шолпан жұлдыз
ойнайды - соны көрем.

Күміс дойра* секілді дөңгелек Ай

Құлап бара жатқанда көлге қарай,

Қағып алмақ ниетпен қолын жайып,

Көше бойлап жүгірді өр қарағай.

Сәйкілікпен қарсы алған танды небір

Сәнді шаһар, сөнді бақ, сәнді көңіл...

Әския айтқан шалдарды тоқтат дағы,

Әдемілік хақында әңгіме құр.

Махаллада, базарда - елдің іші,

Естіледі мап-майда жел дыбысы.

He іздесең де Ташкенттен табылады,

Мұнда бірақ жоғалтпау - ең дұрысы.

...Солай, досым, расы не десек те,

Есеп жасап алашақ, берешекке,

Екі миллион жүректің дүрсілімен

Ташкент көшіп барады келешекке!

Дойра - музыкалық аспап.

       Екінші өлең

      Бұл ақырғы түн емес
- талай түн бар,

Түннің жырын жан емен жолай тыңдар.

Қашқар махалласында қатар өскен

Қара бұрым
қыздар-ау, ән айтыңдар.

Мені күтіп тұрса
да мың іс дәйім,

Сені тындап, кеңірек тыныстайын,

Сексен шаһар өзбекше тіл қатқанда,

Сергіп сала беретін Шығыстайын.

Мәйін сөйлеп майда жел енеді ішке,

Ташкенг көзін сүзеді көк егіске.

Қия жонған тақтайда құлап жатқан

Пілләға ұқсап
тартады жол еңіске.

Аузын ашса, қып қызыл от төгілер,

Айтсын, айтсын Завқидың өткенін ел.

Аппақ-аппақ көктегі бұлттары да

Тең-тең мақта секілді боп көрінер.

Теңеуге орап жазатын жыр ғой бұл да,

Неше түрлі түзесіз сырлы ойды да.

«Ұйкың
тыныш болсын» деп күбірлейсіз

Үйыған сүт секілді түн қойнында.

Қалың ойға бір батып, бір шығасыз,

Қала ұйқыда,

Сіз де енді тыншығасыз.

Арман жайлы мың сөз айт жеке қалып,

Бір айтқаның келеді - бүл шүбәсіз!

Хорезімнің ойына наурыз келді,

Наурыз келіп ақ жауын жауғызды енді.

Сеңгір таудың бұлағы
ақтарылды,

Сеңсең бөрік қарт түрікпен баққа кірді.

Маңай дел-сал, алқапты
ұйқы орайды,

Бағбан шалдың көңілінен құй тарайды.

«Биыл тұңғыш жемісін береді», - деп,

Балаң алма ағашын сипалайды.

Аспан аппақ
моншағын төгеді көп,

Ақ моншақтар көктемнің елеңі боп,

Алма ағашын айналып билеп жатты,

«Биыл тұңғыш жемісін береді», - деп.