ВЕРНУТЬСЯ

        «Жетіқарақшы - жеті жұлдыз

Ақбоз, Көкбоз - екі жұлдыз...»

Жеті мәрте айтқан сауап бір деммен,

Жекенді су сыбырлады іргемнен.

Мен де ішімнен сыбырладым жеті рет,

Құмға
еңкейді құс жолының шеті кеп.

Аппақ болып шыға келді астары,

Қара шапан тігісінен сетінеп.

«Ақбоз, Кекбоз - екі бірдей күлігім,

Тақымында кетпесе екен ұрының» -

Үн келеді құлағыма
қиырдан,

Жарып өтіп моторлардың гүрілін.

Бүгін айдың жаңасы,

Қызыл бидай бас тартыпты, қарашы.

Үркер-ағам тас түйін боп бөлек тұр,

Сапарына аттанады-ау, шамасы.

Темірқазық, кеңеселік, кел, кәні,

Сол орныңнан тұрсың карап жерге әлі.

Ескі жұрттан тапжылмайтын ғұмыры,

Мен секілді қасқасың-ау сен дағы.

Заман - өзен, талай толқын озды алға,

Озады ғой, оған, сірә, сөз бар ма?

Темірказық, біздікі жөн бәрібір,

Темірқазық, айналайын, қозғалма.