ВЕРНУТЬСЯ

   Жапырақ-ой, қайда қашып барасың?

Сабыр!

Сабыр!

Бір
бұрылып қарашы.

Қалай
ғана жақын еді, апыр-ай,

көктем
менен қыркүйектің арасы.

Көкек...

Мамыр...

Шілде...

Тамыз
кеше еді.

Енді
міне, күздің желі еседі.

Қазан
ұрып, қаңырап тұр қоңыр
бақ,

сүреңсіздік
басқандайын көшені.

Мұң оранған кеудем менің көшеді,

/қуанғаным,
күлгенім де кеше еді/.

Жарсыз...

Доссыз...

Мына
Алматы үрейлі,

таныстар
аз - сақалындай көсенің.

Жалғыз
келем... Жанды қайтып тербейін?

Өзің
жоқсың. Көңіл - жетім, шер - бойым.

«Жаным» деген бір үн шіркін жетпей тұр.

Түн
қараңғы... Жатақхана көрдейін.

Кеше
ғана тәрізді еді құсым - ән.

Кім
тістеді жүрегімнің ұшынан?

Жапырақ-ой!

Сәл аялдап, бұрылшы,

жастық
шақтың өтіп барам тұсынан...

қазан,
1970 жыл.