ВЕРНУТЬСЯ

   («Сағыныш. Ой толғау» дәптерінен)

«Сағынып, аңсап барғанда,

сағына күткен жан бар ма?!»

Мұқағали

 1.
Арғымақ - дәуір зулайды

Ей,
мөлдір тамшылар!

Жөңкілген
бұлт боп

базарлы,
шулы көктемге,

Жанымды
менің

жаңқа
мұңдардан аршып ал,

ойлардан
азап шеккенде.

Күрсінсем,
тілден зар шығар...

Күрсінте
бермей, аршып ал!

Аршып
ал мені!

Аршып
ал!

Дауыл
- сезімдерім

айқасқан
кезде бақ тынып,

қу
тақырларға

қалдыра
көрме лақтырып.

Жалғыздық
- қайғы...

Жараспас
жігіт адамға,

жараспас
тіпті ұлы тауларға,

жалғау
бола алмас

жалғыз
баған да,

жалғыз
ағашты

кіргем жоқ қалың бауларға.

Жалғыздық деген

жараспас мына фәниге,

тамшыдан миллион

құралады екен жауын да,

көк шуда түтін өр үйде

болған соң, ауыл - ауыл да...

Сондықтан мені алып қаш,

жалғыздықтардан,

жапан түздерден мұң басқан!

Өмірге мына

ғашық болудан жалықпас,

алып
қаш мені!     

Алып қаш!

Дауылды күндерге...

Жауынды күндерге...

Тынбастан.

наурыз, 1971 жыл.