ВЕРНУТЬСЯ

       Тауына қарай - бұланы,

Жеріне қарай - құланы,

Біз дағы теңіз сынды ел едік...

Қашаған Күржіманұлы

Бастап бақсы селкілді

Үй көшіріп үнімен,

Жайық жақтан жел тұрды,

Жаз да болса, қыс болар ма екен шынымен?

Одағай жел есіре,

Омыраулап соғарда,

Көк айдынның төсіне

Шөп-шалам кеп қонар ма?

Көбең толқын бүліне,

Көбіктерін төгерде,

Көк жойқынның түбіне

Қоқыс-қалдық шөгер ме?

...Уа, жігерлен,

Үмітке ер!

Болғанда күн бұйрықты,

Сабыр қылсақ, жігіттер,

Салқам теңіз өзі айтпас па екен билікті?

Caп, caп, жұртым, түңілме,

Қоқыс-қалдық,

ласты әлгі

Айдап әкеп түбінде,

Жағаға лақтырып тастар-ды.

Толқын біткен, күш қоса,

Бір-біріңді демей гөр.

Бойына арам нәрсе ұстаса,

Атыраудың несі Атырау демей ме ел?!