ВЕРНУТЬСЯ

   Аманбысың, жайраған сай, тұлдыр шың,

еске алшы бір бал күнімді
бүлдіршін.

Қара жолдың кою шаңы армысың,

сөйлеші бір, сағынышым
шыңғырсын!

Сөгілші бір көкірегі құса түн,

көкті кезіп қалқышы бір құс-ақын.

Ұлы қала үмітімді шаршатты,

тауға апаршы көк түтіні ұшатын...

Көк өзендей күркіреп бір
тасайын,

тасайын да ентігімді басайын.

Көкбастаудан қарап тұрып Қыржолға,

сұлу сөзден сымбатты жыр қашайын.

Күндеріме құлын-тайдай тебіскен

қайта оралып Бекболатпен,
Мэлспен;

Жарас пенен Елеместі ертіп
ап,

күлдір-күлдір құйғытайын еңіспен.

Құла ат мініп, құла белден өтейін,

құла шыңға, қараша үйге жетейін.

Қараша үйде - қарқарадай ақ
күндік,

ақ күндікті иіскеп, ұйықтап кетейін.

Көріп түсте таудың сұлу бітімін,

тас ошақтың «жұтайын» бір түтінін.

Жұтайын да... Оянайын түн ауа

дауысынан селк етіп бір
үкінің...

Еске салып бал күнімді
бүлдіршін,

жаңғыршы бір, жайраған сай, тұлдыр шың.

Сағынышым кезіп-шарлап
аспанды,

кең ғаламның құлағын бір тұндырсын...

қазан, 1982 жыл